Бүгін мектебімізде Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай
Бүгін мектебімізде Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай сенбілік өткізілді. Ата-аналар, оқушылар,техникалық қызметкерлер бірлесе қатысып, мектеп аумағын тазалау және көркейту жұмыстарына атсалысты. Бұл шара – бірлік пен ынтымақтастықтың, сондай-ақ жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеудің айқын көрінісі болды. Сонымен қатар біз «Таза Қазақстан» жобасын қолдай отырып, қоршаған ортаны қорғау мен туған жерді аялауға өз үлесімізді қостық. 🌿 Барша қатысушыларға алғыс білдіреміз! 🇰🇿