02
декабрь
2024
Бүгін Алматы қаласы Білім басқармасының №94 мектеп-гимназиясында «Жаңа технологиялар мен ғылыми жаңалықтарды игерудің негізі
Бүгін Алматы қаласы Білім басқармасының №94 мектеп-гимназиясында «Жаңа технологиялар мен ғылыми жаңалықтарды игерудің негізі ретінде бастауыш сынып бойынша функционалдық сауаттылықты қалыптастыру» атты қалалық семинар өтті.
№94 мектеп-гимназиясы, бастауыш білім беру бойынша құзыреттілік орталығы ретінде, қала мектептерінің ұстаздарын үнемі шақырып, тәжірибе алмасып, білім берудегі инновациялық технологиялар мен жаңа әдістерімен бөлісіп отыруды дәстүрге айналдырған.
Әрине, біздің әрбір жетістігіміз ұжымдық еңбектің нәтижесі. Бастауыш сынып мұғалімдері Сламкулова А.Т., Советбаева А.Ж., Байдрахымова А.Ж., Советбай А.А., орыс тілі пәні мұғалімі Ниязгулова Ш.Р. сынды тәжірибелі ұстаздар сабақта заманауи технологиялар, ойын, жобалау, саралап оқыту технологияларын пайдалану бойынша шеберлік сағатын көрсетсе, семинарды жүргізген Маканбаева Ф.А. мен Маханова Э.Ж. әр қатысушы ұстаздың семинардан алған әсері мен пікірін білу мақсатында кері байланыс жүргізіп отырды.
Семинар соңында қала мектептерінен келген мұғалімдер семинар өте пайдалы, қызықты өткенін атап, көптеген жаңа идеялар үшін ыстық ықыластарын білдіріп, алғыстарын айтып жатты.
Балаларымыздың жарқын болашағы үшін тәжірибе алмасуды және бір-бірімізді шабыттандыруды жалғастырайық. Барлық ұстаздарға, №94 мектеп-гимназиясы ұжымына шығармашылық жетістіктер тілейміз!
#94школагимназия
@almaty_mektepteri @aigul_jumabekqyzy
@bostanbilim @edu.almaty
#біртұтас_тәрбие_алматы

https://www.instagram.com/p/DDCB2OQgEJp/