Ұлттық киім күніне орай мектебімізде “ Ұлттық киімдер шеруі” атты
Ұлттық киім күніне орай мектебімізде “ Ұлттық киімдер шеруі” атты шара ұйымдастырылып, әр сынып өздерінің дайындаған киім үлгілерін таныстырды. Бұл іс-шараның басты мақсаты – ұлттық мәдениетімізді насихаттау, қазақ халқының салт-дәстүрлері мен киім үлгілерін таныстыру. Мерекелік шара мектеп оқушылары мен мұғалімдерінің қазақтың ұлттық киімдерін киюімен басталды. Оқушылар шапан, қамзол, сәукеле, тақия, кимешек, белдемше сынды киімдерді киіп, олардың ерекшеліктері туралы әңгімеледі.