Коммунальное государственное учреждение
«Школа-гимназия №94»
Управления образования города Алматы
Применая:
+7(727) 392-00-55
Бухгалтерия:
+7(727) 392-00-59
eOtinish.kz
Версия
для слабовидящих
» » Бүгін мектебімізде республикалық “Абай оқулары” байқауының аудандық кезеңі өтті.
23
апрель
2025

Бүгін мектебімізде республикалық “Абай оқулары” байқауының аудандық кезеңі өтті.

Бүгін мектебімізде республикалық “Абай оқулары” байқауының аудандық кезеңі өтті.
Мақсаты:
Ұлы Абай Құнанбайұлының рухани мұрасын насихаттау, жас ұрпақты ақын шығармашылығын терең түсініп, мәнерлеп оқу мен көркем өнерге баулу, сөз өнерін қадірлеуге тәрбиелеу.

Байқау төмендегідей наминациялар бойынша өтті.
1. «Абайдың асыл мұрасы»
Бұл номинацияда оқушылар Абайдың қара сөздері мен нақыл сөздерін жатқа айтып, олардың мазмұнын талдап берді. Қатысушылар Абайдың философиялық ойлары мен адам тәрбиесіне қатысты тұжырымдарын терең түсініп жеткізуге тырысты.
2. «Абайдың ақын шәкірттері»
Бұл бағытта оқушылар Абайдың шәкірттері — Шәкәрім Құдайбердіұлы, Ақылбай, Мағауия шығармаларынан үзінді оқып, олардың Абай мектебінен алған өнегесін танытты.
3. «Әнді сүйсең, менше сүй»
Номинацияда оқушылар Абай әндерін (мысалы, «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай» т.б.) орындады. Ән айтуда көркемдік талғам, вокалдық шеберлік пен сахналық мәдениетке мән берілді.
4. «Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы»
Бұл аталымда оқушылар Абай өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқыды. Оқушылардың дауыс мәнері, көркем оқу шеберлігі мен түсінігі бағаланды.
5. «Сөз өнеріндегі ұлы Абай бейнесі»
Бұл номинацияда қатысушылар эссе, шығармашылық жұмыс, сахналық көрініс арқылы Абайдың әдебиеттегі тұлғасын ашып көрсетті. Абай бейнесі әдеби-танымдық тұрғыда талданды.

Байқау жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Қатысушылар Абай мұрасына деген сүйіспеншілігін, талпынысын көрсете білді. Жеңімпаздар облыстық кезеңге жолдама алды. Қазылар алқасы дарынды оқушыларды ерекше атап өтіп, олардың шығармашылық әлеуетін дамытуға кеңес берді.
#94школагимназия
#біртұтас_тәрбие_алматы
#Тілсақшылары
@bostanbilim
@akimat_bostandyk 
https://www.instagram.com/p/DIwUzA3vcWY/